Duration 1:1

Жан АХМАДИЕВ - МЕН ЖАСТАРҒА СЕНБЕЙМІН

30 255 watched
0
1.4 K
Published 6 Jan 2020

Артық айтсам айып етпеңіздер. Ашудың буымен анайы сөздер ауызға түсе берді. Айтқаным айтқан - бұл түрімізбен көп ұзамай "ҚАЗАҚША ПОРНО-ны" да көресіздер. Рейтингтің құлы болған бағдарламаларды азайтып, интернетке шектеу (фильтр) қоймасақ, қазақи мәдениетімізді жоғалтуға жақын қалдық... Мүмкін мені жынды дерсіздер. Десе де, "жаман айтпай, жақсы жоқ". Мағжан Жұмабаев "МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН..." деп жырлаған еді ғой. Қуанам, шын қуанамын. Мәкең өте бақытты ақын. Себебі, ол қазақ жастарының осындай деңгейге түскенін көрмей кетті. Ал "МЕН ЖАСТАРҒА СЕНБЕЙМІН!" Бәріне кінәлі "залда ілініп тұрған "көк жәшік пен қолымыздан түспейтін ұялы телефон". Еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қартқа дейін, ол былай тұрсын, түн ұйқысын төрт бөліп, нәрестесін емізетін аналар да сәбиін емес, телефонды аңдитын маймылға айналды. Әлде менің бұл пікірім қате ме?!

Category

Show more

Comments - 73